ЛИНДАННЫҢ ӘСЕРІМЕН ТЫШҚАНДАРДЫҢ АНАЛЫҚБЕЗДЕРІНІҢ ТҮЙІРШІКТІ ЖАСУШАЛАРЫНЫҢМОРФОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.34689/qzp92c53Кілт сөздер:
Арал теңізі , қоршаған орта , линдан , түйіршікті жасушаларАңдатпа
Кіріспе. Арал маңындағы адамдардың тұратын ортасын сипаттайтын материалдардың
талдамасы ауыз суының, атмосфера ауасының, топырақтың химиялық ластануының
(пестицидтер, минералдық тыңайтқыштар, тұз компоненттері, ауыр металлдар), өсімдік және
жануар текті азық-түліктің, балық өнімдерінің пестицидтік ластануының күрт өскенін көрсетті.
Зерттеу мақсаты. In vitro эксперимент жағдайларында линдан пестицидінің әсерімен
тышқандардың түйіршікті жасушаларының ультрақұрылымдық өзгеруін бағалау болып
табылды.
Әдістері. Эксперименттік жұмыс Л`акуила, Италия университетінің Микроскопия орталығы
Өмір, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау ғылымдар кафедрасының
зертханасында жүзеге асырылады; 80 аналық тышқандарға бақылау (10), бақылау
диметилсульфоксид ерітіндісімен (10), линдан 1 µM (20), линдан 10 µM (20), линдан 100 µM (20)
жүргізілді. Зерттеу материалы аналық бездің түйіршікті жасушалары. Трансмиссиялық
электрондық микроскопия сынамаларды дайындау кейін, ультра жұқа кесінділер (60-80 нм)
ультрамикротоммен алынды және уранилцитрат және қорғасын цитрат (Sic Рим, Италия) ауыр
металдарының тұздарымен өнделген.
Нәтижесі. Топтарды салыстырмалы талдау барысында ультрақұрылымдық өзгерістер
линданның қолданбалы концентрациясынан тәуелділігін көрсетті. Бұрыс пішінді жасушалардың,
цитоплазма фрагментациясының бастапқы белгілері және цитоплазманың май тамшыларымен
көптеген митохондрийлердің толуы байқалды. Уландырғыш заттың жоғары концентрациясы
қолданылған топтарда жасушалардың хроматин маргинализациясы, апоптозды денелердің
және жеке органеллалар қалдықтарының пайда болуымен сипатталды.
Қорытынды. In vitro линданының әсері түйіршікті жасушаларға тәуелді уландырғыш әсерді
көрсетті; түйіршікті жасушалардың ультрақұрылымдық өзгерістері қолданылған мөлшерге
сәйкес туғызылғаны мәлім болды.
Әдебиеттер тізімі
Балмагамбетова А. Д., Журабекова Г.А., Маккиарелли Г., Пальмерини М.Г., Ноттола С.А.
Морфологическая характеристика гранулезных клеток яичников мышей при воздействии линдана / / Наука
и Здравоохранение. 2016. №2. С. 106-117.
Balmagambetova A.D., Zhurabekova G.A., Macchiarelli G., Palmerini M.G., Nottola S.A. Morphological
characteristics of granulosa cells of mice ovarian under lindane exposure. Nauka i Zdravookhranenie [Science &
Healthcare]. 2016, 2, pp. 106-117.
Балмағамбетова А.Д., Жорабекова Г.А., Маккиарелли Г., Пальмерини М.Г., Ноттола С.А. Линданның
әсерімен тышқандардың аналық бездерінің түйіршікті жасушаларының морфологиялық сипаттамасы / /
Ғылым және Денсаулық сақтау. 2016. №2. Б. 106-117.
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Ару Балмагамбетова, Гульмира Журабекова, Гуидо Маккиарелли, Мария Пальмерини, Стефания Ноттола (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.