SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

АСТ/АЛТ, APRI INDEX, FIB4 SCORE ИНВАЗИВТІ ЕМЕС ИНДЕКСТЕРДІҢ КӨМЕГІМЕН СҮЛЕЛІ ПАНКРЕАТИТІ БАР НАУҚАС АДАМДАРДА БАУЫР ФИБРОЗЫНЫҢ ТҮЗІЛУІН БАҒАЛАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/9qhgf407

Кілт сөздер:

панкреатит, стеатоз, бауыр фиброзы, ACT/АЛТ, APRI index, FIB4 Score

Аңдатпа

Кіріспе: Дүние жүзі халық санының өсуі, халықтың миграциясы, диета, алкоголь мен темекіні қолданудың өзгеруі, жастарда семіздік пен метаболизмдік синдромның артуы созылмалы панкреатитінің эпидеомиологиясына өз үлесін қосады. Бауырдың метаболизммен ассоциацияланған майлы ауруы (БМАМА) созылмалы метаболизмдік аурулардың біреуіне жатады, ол жиі 2 типті қант диабеті (ҚД), семіздік пен артериялық гипертензия негізінде дамиды. Созылмалы панкреатиті бар пациенттерде БМАМА дамуы балансты емес тамақтанумен, стресстермен, алкоголь мен темекі қолданумен қоздырады, сонымен қатар пациентте артық салмақ пен семіздіктің болуы және қоршаған ортаның басқа факторлары мен өмір сүру салты БМАМА үдеуіне әкеледі. Мақсаты: Созылмалы панкреатиті бар пациенттерде бауыр фиброз түзілуін бағалау үшін ACT/АЛТ, APRI index (Aminotransferase to platelet ratio index) және Fibrosis-4 Score (FIB-4 Score) Index инвазивиялық емес индекстердің диагностикалық маңыздылығын зерттеу. Материалдар мен әдістер: Біздің зерттеу бір мезетті ретроспективті көлденең зерттеу болып келеді. Оған созылмалы панкреатит нақты диагнозы бар 18 жастан 75 жасқа дейінгі еркек пен әйел жынысты 01.01.2021 бастап 31.12.2023 аралығындағы кезеңде «Семей медицина университетінің» КеАҚ Университет госпиталінің Гастроэнтерология бөлімінде стационарлық ем қабылдаған пациенттер қатысты. Зерттеуден қатерлі ісіктердің бар пациенттер; жүктілік не лактация кезеңіндегі пациенттер қатыстырылмады. Инвазивиялық емес индекстер - ACT/АЛТ, APRI index (Aminotransferase to platelet ratio index) және Fibrosis-4 Score (FIB-4 Score) Index арқылы бауырдың фиброз түзілуі бағаланды. Нәтижелер: Біз созылмалы панкреатиті бар 331 ауру тарихын таңдап алдық, олардың ішінде 218 әйел мен 113 еркек болды. АСТ/АЛТ қатынасының орташа мөлшерлерін зерттеген кезде жыныс бойынша (р=0,001) және ДСИ (р=0,04) айырмашылық анықталды. АСТ/АЛТ жоғары орташа мөлшерлері әйелдермен салыстырғанда еркектерде жиірек кездесті. АСТ/АЛТ жоғары көрсеткіштері артық салмағы мен семіздігі бар пациенттерде жиірек кездесті. APRI index орташа мөлшерлерінің айырмашылығы тек ДСИ топтарында анықталды (р=0,03). APRI index жоғарғы көрсеткіштері жиі артық салмақ пен семіздік кезінде кездесті. АСТ/АЛТ қатынасы бойынша бауырдың фиброз түзілу қауіп факторларының таралуын зерттеген кезде бауырдың фиброз даму мүмкіндігі әйелдермен салыстырғанда еркектерде 1,82 есе жоғары болды (р=0,001). Сонымен қатар АСТ/АЛТ қатынасының мәліметтері бойынша бауыр фиброзының даму мүмкіндігі артық салмақ пен семіздік кезінде жоғарлады (р=0,04). Ал FIB-4 Score орташа мөлшерлері жыныс бойынша (р=0,02) және 2 типті ҚД бар пациенттерде (р=0,006) айырмашылығы болды. Тұжырымдар: Осылайша, созылмалы панкреатиті бар пациенттерде ACT/АЛТ, APRI index, FIB4 Score диагностикалық инвазивиялық емес индекстерді тәжірибеде қолдану бауырдың фиброз түзілуін ерте анықтауға және бағалауға мүмкіндік береді.

Автор өмірбаяндары

  • Айжан Шаханова

    И.о. доцента кафедры внутренних болезней и ревматологии НАО «Медицинский университет Семей», г. Семей, Республика Казахстан. Почтовый адрес: Республика Казахстан, 071400, г. Семей, ул. Абая 103. E-mail: aizhanshat@mail.ru Телефон: 8 747 685 81 15

  • Зауреш Жумадилова

    Профессор кафедры внутренних болезней и ревматологии НАО «Медицинский университет Семей», г. Семей, Республика Казахстан. Почтовый адрес: Республика Казахстан, 071400, г. Семей, ул. Абая 103. E-mail: zauresh.z@mail.ru; Телефон: 8 777 153 99 10

  • Алида Каскабаева

    Заведующая кафедры внутренних болезней и ревматологии НАО «Медицинский университет Семей», г. Семей, Республика Казахстан. Почтовый адрес: Республика Казахстан, 071400, г. Семей, ул. Абая 103; E-mail: alida.71@mail.ru; Телефон: 8 777 267 55 21

  • Тунгышхан Шаханов

    Доцент кафедры внутренних болезней и ревматологии, НАО «Медицинский университет Семей», г. Семей, Республика Казахстан; Почтовый адрес: Республика Казахстан, 071400, г. Семей, ул. Абая 103; E-mail: tungyshkhan.shakhanova@smu.edu.kz; Телефон: 8 708 168 28 31

  • Жанна Муздубаева

    Aсс. профессор кафедры внутренних болезней и ревматологии, НАО «Медицинский университет Семей», г. Семей, Республика Казахстан; Почтовый адрес: Республика Казахстан, 071400, г. Семей, ул. Абая 103; E-mail: muzduba@mail.ru; Телефон: 8 707 156 73 94

  • Айнур Узбеканова

    Врач отделения Гастроэнтерологии, Университетский Госпиталь НАО «Медицинского университета Семей»; г. Семей, Республика Казахстан; Почтовый адрес: Республика Казахстан, 071400, г. Семей, ул. Сеченова 1. Телефон: 8 775 551 19 79

  • Асель Козыбаева

    Врач отделения Гастроэнтерологии, Университетский Госпиталь НАО «Медицинского университета Семей», г. Семей, Республика Казахстан; Почтовый адрес: Республика Казахстан, 071400, г. Семей, ул. Сеченова 1; Телефон: 8 708 417 52 30;

  • Ясмин Байбакирова

    Интерн НАО «Медицинский университета Семей»; Почтовый адрес: Республика Казахстан, 071400, г. Семей, ул. Абая 103; E-mail: ybaibakirova@bk.ru; Телефон: 8 777 994 49 11.

  • Аяжан Ахан

    Cтудент НАО «Медицинский университет Семей», г. Семей, Республика Казахстан; Почтовый адрес: Республика Казахстан, 071400, г. Семей, ул. Абая 103; E-mail: ayazhanakhan@gmail.com; Телефон: 8 747 200 24 67

Әдебиеттер тізімі

Шаханова А.Т., Жумадилова З.К., Каскабаева А.Ш., Шаханов Т.Е., Муздубаева Ж.Е., Узбеканова А.К., Козыбаева А.Ж., Байбакирова Я.Е., Ахан А.Н. Оценка образования фиброза печени у пациентов с хроническим панкреатитом с помощью неинвазивных индексов АСТ/АЛТ, APRI index, FIB4 Score // Наука и Здравоохранение. 2024. Т.26 (3). С. 7- 15. doi 10.34689/SH.2024.26.3.001

Shakhanova A.T., Zhumadilova Z.K., Kaskabaeva A.Sh., Shakhanov T.E., Muzdubaeva Zh.E., Uzbekanova A.K., Kozybaeva A.Zh., Baybakirova Y.E., Akhan A.N. Evaluation of liver fibrotic formation in patients with chronic pancreatitis using non-invasive AST/ALT index, APRI index, FIB4 Score // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2024. Vol.26 (3), pp. 7-15. doi 10.34689/SH.2024.26.3.001

Шаханова А.Т., Жумадилова З.К., Каскабаева А.Ш., Шаханов Т.Е., Муздубаева Ж.Е., Узбеканова А.К., Козыбаева А.Ж., Байбакирова Я.Е., Ахан А.Н. АСТ/АЛТ, APRI index, FIB4 Score инвазивті емес индекстердің көмегімен сүлелі панкреатиті бар науқас адамдарда бауыр фиброзының түзілуін бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (3). Б. 7-15. doi 10.34689/SH.2024.26.3.001

Жүктеулер

Жарияланды

2025-11-11

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 127

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.