РЕВМАТОИДТЫ АРТРИТТІҢ ДАМУЫНДАҒЫ МИКРОБИОМНЫҢ РӨЛІ.ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ.
DOI:
https://doi.org/10.34689/c1a2h967Кілт сөздер:
ревматоидты артрит , ауыз қуысының микробиомы , ішек микробиомы , микробиомның рөлі , ревматоидты артриттің дамуыАңдатпа
Өзектілігі. Ревматоидты артрит (РА) – бұл симметриялық деформацияланатын артрит және жүрек-тамыр,
тыныс алу жүйелерінің және терінің зақымдануы сияқты жүйелі көріністермен сипатталатын созылмалы,
аутоиммунды ауру. РА таралуы жоғары. Дүние жүзіндегі аурушаңдық халықтың 0,24-тен 1%-ға дейін ауытқиды.
Әйелдерде ауру ерлерге қарағанда 2-3 есе жиі кездеседі. Аурудың ең жоғары деңгейі еңбекке қабілетті жаста, 35
пен 64 жас аралығында болады. Уақтылы емделмеген РА мүгедектікке ғана емес, өлімге де әкелуі мүмкін. Осыған
байланысты РА қазіргі заманғы медицинаның өзекті мәселесі болып табылады. Соңғы жылдары РА дамуына
эпигенетикалық факторлардың әсері, соның ішінде микробиомның әсері белсенді түрде зерттелуде.
Мақсаты: Ревматоидты артриттің дамуындағы ауыз және ішек микробиомының рөлі.
Іздеу стратегиясы: Ғылыми жарияланымдарды іздеу келесі ғылыми басылымдар мен мамандандырылған
іздеу жүйелерінің дерекқорларында жүргізілді: PubMed, Google Scholar, Web of Science, Cochrane Library. Зерттеу
тақырыбы бойынша көпшілікке қолжетімді бірқатар түпнұсқа басылымдар талданды. Іздеу тереңдігі 15 жыл болды.
Іздестіру нәтижесінде 459 шетелдік басылымды зерттедік, оның ішінде 97 басылым осы шолуға қосылды. Қосылу
критерийлері: мета-талдаулар, жүйелі шолулар, когорттық және секциялық зерттеулер. Алып тастау
критерийлері: қысқаша есептер, газет мақалалары және қысқа хабарламалар түріндегі сарапшылардың пікірі.
Нәтижелер мен қорытындылар: Әдебиеттерді шолу нәтижелері бойынша РА-да ауыз қуысының да, ішектің
де микробиомының құрамының өзгеретіні анықталды. Эксперименттік зерттеулерде РА дамуының патогенезіндегі
микробиомның рөлін анықтады. Сонын ішінде, ауыз қуысында тіршілік ететін Porphyromonas gingivalis (P.gingivalis),
Aggregatibacter actinomycetemcomitans (Aa), сондай-ақ ішек микробиомының өкілдері Prevotella copri (P. copri),
Collinsella aerofaciens, Proteobacteria, ClostriocllusVcluus рөлдері анықталды.
Әдебиеттер тізімі
Ibrayeva A.К., Latypova N.A., Kushugulova A.R., Meiramova A.M., Isilbayeva A.A., Kozhahmetov S.S. The role of
microbiome in Rheumatoid arthritis development. A review // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2023,
(Vol.25) 6, pp. 191-198. DOI 10.34689/SH.2023.25.6.022
Ибраева А.К., Латыпова Н.А., Кушугулова А.Р., Мейрамова А.М., Исильбаева А.А., Кожахметов С.С. Роль
микробиома в развитии ревматоидного артрита. Обзор литературы // Наука и Здравоохранение. 2023. 6 (Т.25). С.
191-198. DOI 10.34689/SH.2023.25.6.022
Ибраева А.К., Латыпова Н.А., Кушугулова А.Р., Мейрамова Ә.М., Исильбаева А.А., Кожахметов С.С.
Ревматоидты артриттің дамуындағы микробиомның рөлі. Әдебиетке шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023.
6 (Т.25). Б. 191-198. DOI 10.34689/SH.2023.25.6.022
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Айгерим Ибраева, Наталья Латыпова, Алмагуль Кушугулова, Асель Мейрамова, Аргуль Исильбаева, Самат Кожахметов (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.