ЖҮКТІЛІКТІҢ БІРІНШІ ТРИМЕСТРІНДЕ ЗӘРДЕГІ ПЛАЦЕНТАРЛЫҚӨСУ ФАКТОРЫ НЕГІЗІНДЕ ПРЕЭКЛАМПСИЯ АУЫРЛЫҚДӘРЕЖЕСІН БОЛЖАУ: ПРОСПЕКТИВТІ КОГОРТТЫҚ ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.34689/wp61ky58Кілт сөздер:
жүктілік , бірінші триместр , плацентарлық өсу факторы , қан , зәр , преэклампсия , преэклампсия ауырлығыАңдатпа
Зерттеу мақсаты: преэклампсия ауырлығын болжау мүмкіндігін бағалау жүктіліктің бірінші триместрнде
анықталған зәрдегі плацентарлық өсу факторының концентрациясы негізінде қандағы PLGF концентрациясымен
салыстыру арқылы.
Материалдар мен әдістер: бір орталықтандырылған проспективті когортты зерттеу жүргзілді,оған Прэклампсия
даму қаупі жоқ 288 жүкті әйел қосылды. Барлық зерттелушілерге жалпы клиникалық тексеру жүргізілді және
денсаулыққа қатысты өткен жағдайлар бағаланды. Преэклампсия диагностикасы және оның ауырлығын бағалау
жүктілерде гипертонияны бағалаудың халықаралық қоғам ұсынған критерияларға сәйкес жүргізілді. Қандағы және
зәрдегі PLGF деңгейі жүктіліктің 10-14 аптасында анықталды, иммуноферментті талдау DialabELX808IU (Dialab,
Австрия) анализаторында, Human Placental Growth Factor ELISA Kit (Sigma Aldrich, Германия) реактивін қолдану
арқылы жүзеге асырылды.
Нәтижесі: анықталды 2,8% (n = 8) жеңіл ПЭ және 2,4% (n = 7) ауыр ПЭ, ал 94,8% (n = 273) науқаста жүктілік
бойына нормотензивті. Зәрдегі PLGF концентрациясы жеңіл ПЭ 7,97 (6,35 - 27,21) пг/мл құрайды және
нормотензивті жүктілермен статистикалық айырмашылықтар болмады, зәрдегі PLGFдеңгейі 21,4 (14,3-35,1) пг/мл
құрайды, сондай-ақ сарысулық PLGF деңгейі жеңіл ПЭ кезінде (p>0,05). Ауыр ПЭ кезінде зәрдегі PLGF 7,17 (5,24 -
16,2) пг/мл құрайды және статистикалық төмен болды,нормотензивті жүктілермен салыстырғанда (p< 0,05) және
сарысулық PLGF (p = 0,0233)
ROC-талдауы ауыр ПЭ кезінде қолайлы шектеу деңгейін көрсетті зәрдегі PLGF ≤ 10,8 пг/мл, диагностикалық
көрсеткіштерімен AUC 0,869, p < 0,0001, Se 71,4%, Sp 87,2%, DOR 16,8.
Қорытынды: жүктіліктің бірінші триместріндегі зәрдегі PLGF анықтау ауыр ПЭ болжамында қолданылуы
мүмкін,тек жеңіл ПЭ үшін емес, сондай-ақ эксперсс тест-жүйесін жасауда қолданылуы мүмкін.
Қазіргі зерттеудің шектелуі зәрдегі PLGF зерттеу ПЭ болжамы және оның ауырлығын анықтау үшін оның әрмен
қарай зерттелуін қажет етеді.
Әдебиеттер тізімі
Гайдай А.Н., Тусупкалиев А.Б., Жумагулова С.С., Касаева Н.Е. Прогнозирование тяжести преэклампсии на
основании плацентарного фактора роста в моче в первом триместре беременности: проспективное когортное
исследование // Наука и Здравоохранение. 2021. 6(Т.23). С. 54-62. doi 10.34689/SH.2021.23.6.006
Gaidai A.N., Tusupkaliev A.B., Zhumagulova S.S., Kasaeva N.E. Prediction of the severity of preeclampsia based on
urinary placental growth factor concentrations in the first trimester of pregnancy: a prospective cohort study // Nauka i
Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2021, (Vol.23) 6, pp. 54-62. doi 10.34689/SH.2021.23.6.006
Гайдай А.Н., Тусупкалиев А.Б., Жумагулова С.С., Касаева Н.Е. Жүктіліктің бірінші триместрінде зәрдегі
плацентарлық өсу факторы негізінде преэклампсия ауырлық дәрежесін болжау: проспективті когорттық зерттеу //
Ғылым және Денсаулық сақтау. 2021. 6 (Т.23). Б. 54-62. doi 10.34689/SH.2021.23.6.006
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Андрей Гайдай, Акылбек Тусупкалиев, Сагира Жумагулова, Назерке Касаева (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.