SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

НЕСЕП-ТАС АУРУЫНЫҢ ТАРАЛУЫМЕН СУДЫҢСАПАСЫНЫҢ БАЙЛАНЫСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/p83d0d43

Кілт сөздер:

судың сапасы , несеп-тас ауруы , эпидемиология , Түркістан облысы

Аңдатпа

Өзектілігі: Бүйректердегі тастардың көбісі минералдардан тұратын болғандықтан ауыз су сапасы ағзаның
жалпы зат алмасуына, сонымен қатар урологиялық аурулардың пайда болуына әсер етеді.
Мақсаты: Несеп-тас ауруының эпидемиологиясына ауыз судың сапасының байлынысын Түркістан облысы
бойынша зерттеу.
Зерттеу әдістері: Түркістан облысындағы екі елді-мекендердің (Сарыағаш ауданы және Түркістан қаласы) су
сапасын тексеру үшін физико-химиялық және микробиологиялық зерттеулер жүргізілді. Тексеру объектілері
қатарына орта және жоғарғы оқу мекемелері, тұрғын үйлер, муниципалды және медициналық мекемелері,
сонымен қатар сумен жабдықтау көздері кіргізілді. № 2020/00/00 орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған сумен жабдықтаудың ауыз су сынамаларын зерттеу хаттамалары пайдаланылды.
Статистикалық талдау R Studio (Integrated Development Environment, Бостон, АҚШ) бағдарламалық жасақтамасының
көмегімен жүргізілді.
Нәтижелер: Негізгі салыстырмалы айырмашылықтар pН, тотығу және судың жалпы қаттылығында, қалдық,
бос және байланысқан хлор, аммиак азоты, нитрит және нитрат, хлорид және мыс сияқты минералдардың
құрамында байқалды. Барлық осы параметрлер бойынша көрсеткіштердің құрамы Түркістан қаласының ауыз
суында жоғары, бұл облыс орталығында несеп-тас ауруының өсуінің ықтимал қаупін көрсетуі мүмкін. Түркістан
қаласы мен Сарыағаш ауданының микробиологиялық деректері мемлекеттік стандарттарға сәйкес келеді.
Қорытынды: Зерттеу нәтижелері судың физико-химиялық көрсеткіштері айырмашылықтарының Түркістан
облысының аймақтарында несеп-тас ауруының таралуына жиынтық әсерін растайды.

Автор өмірбаяны

  • Реза Фатхи

    PhD candidate at Khoja Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University, Turkestan, Kazakhstan

Әдебиеттер тізімі

Fatkhi R.A., Seidinov Sh.M. Relationship between the prevalence of urolithiasis and water quality // Nauka i

Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2021, (Vol.23) 5, pp. 101-108. doi 10.34689/SH.2021.23.5.012

Фатхи Р.А., Сейдинов Ш.М. Взаимосвязь между распространенностью мочекаменной болезни и качеством воды

// Наука и Здравоохранение. 2021. 5 (Т.23). С. 101-108. doi 10.34689/SH.2021.23.5.012

Фатхи Р.А., Сейдинов Ш.М. Несеп-тас ауруының таралуымен судың сапасының байланысы // Ғылым және

Денсаулық сақтау. 2021. 5 (Т.23). Б. 101-108. doi 10.34689/SH.2021.23.5.012

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-21

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.