МИДЫҢ МЕНИНГИОМАСЫНЫҢ МАГНИТТІ-РЕЗОНАНСТЫТОМОГРАФИЯНЫҢ ДИФФУЗИЯЛЫҚ ӨЛШЕМ БЕЙНЕСІНІҢДИАГНОСТИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.34689/vs5syf89Кілт сөздер:
менингиомалар , диффузиялық өлшенген МРТ , өлшенген диффузия коэффициенті , диффузиялық өлшенген бейнелерАңдатпа
Тақырыптың өзектілігі: Диффузияның өлшенген магниттік-резонансты бейнелеу әдісі түрлі тіндердің және
мүшелердің құрылымдық күйі туралы ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде диффузиялық өлшеу әдісі
мен өлшенген диффузия коэффициенті мидың ишемияларын зерттеу, демиелинге ұшыраған аурулар мен
жарақаттар туралы ғылыми жұмыстарды қоспағанда кең таралған клиникалық қолданысқа ие болмады.
Жұмыстың мақсаты менингиомалардың әртүрлі нысандарының өлшенген диффузия коэффициентінің
мәндерін салыстыру және мидың менигиомаларының қатерлі ісігінің диагностикасында диффузиялық өлшенген
магнитті-резонансты бейнелеу әдістерін қолдану мүмкіндігін бағалау болып табылады.
Материалдар мен әдістер: Зерттеу тәсілі- жалпылай өндіру.Магнитті резонанстық томограммалар
диффузиялық бейнелеу бағдарламалары бойынша талданды және Семей консультативтік-диагностикалық
орталығында, Семей Ядролық медицина және онкология орталығында және Өскемен қаласының онкология және
хирургия орталығында, 2008 - 2014 жылдар кезеңінде зерттелген 53 пациенттің (32 әйел, 21 ер адам) өлшенген
диффузия коэффициентері есептелді.
Статистикалық ақпаратты өндіру Microsoft Excel 2010 бағдарламасы арқылы жүргізілді. Барлық өлшемдер теста
Колмогорова–Смирнова тексеру арқылы дұрыстығы тексерілген. Алынған деректер сипаттама статистика тәсілі
арқылы бағаланған. Салыстырмалы талдау мағынасы есептелген коэффицент диффузиясы U-теста Манна-Уитни
арқылы орындалған.
Нәтижелері. Менингиоманың барлық түрлері бойынша өлшенген диффузия коэффициентінің орташа мәндерін
талдағанда өлшенген диффузия коэффициентінің орташа мәні: MI менингиомалары үшін 1399,5 ± 154,6 мм2
/с
болған; MII менингиомалары үшін - 1136,2 ± 150 мм2
/с; MIII менингиомалары үшін - 706 ± 73.4 мм2
/с.
MI және MII менингомалардың өлшенген диффузия коэффициентін салыстыру кезінде маңызды
айырмашылықтар табылмады (p = 0,723). Бірақ MI және MIII, сонымен қатар MII және M3 өлшемдерінің диффузия
коэффициентін салыстыру кезінде маңызды айырмашылықтар анықталды (MI / MIII - p = 0.007, MII / MIII - p =
0.0010).
Қорытынды: Магнитті резонансты зерттеу кезінде диффузиялық бейнелеу бағдарламаларын қолдану және
өлшенген диффузия коэффициентін есептеу әдістемесі магнитті резонансты зерттеу кезінде инкракраниалды
менингиомалардын дифференциалды диагностикалаудың қосымша инвазивті емес әдісі ретінде қолданыла алады.
Әдебиеттер тізімі
Рахимбеков А.В., Адылханов Т.А., Мадиева М.Р., Куанышева А.Г., Белихина Т.И., Раисов Д.Т., Байзакова М.Н.,
Дюсюпова С.А. Диагностические возможности диффузно-взвешенных изображений магнитно-резонансной
томографии при менинингиомах головного мозга // Наука и Здравоохранение. 2019. 3 (Т.21). С. 84-91.
Rakhimbekov A.V., Adylkhanov T.A., Madiyeva M.R., Kuanysheva A.G., Belikhina T.I., Raissov D.T., Baizakova M.N.,
Dyussyupova S.А. Diagnostic capabilities of diffuse-weighted magnetic resonance imaging imaging in brain meningiomas.
Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2019, (Vol.21) 3, pp. 84-91.
Рахимбеков А.В., Адылханов Т.А., Мадиева М.Р., Куанышева А.Г., Белихина Т.И., Раисов Д.Т., Байзакова М.Н.,
Дюсюпова С.А. Мидың менингиомасының магнитті-резонансты томографияның диффузиялық өлшем бейнесінің
диагностикалық мүмкіндіктері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2019. 3 (Т.21). Б. 84-91.
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Александр Рахимбеков, Тасболат Адылханов, Мадина Мадиева, Анаргуль Куанышева, Татьяна Белихина, Данияр Раисов, Мадина Байзакова, Сара Дюсюпова (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.