SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ПЕРИНАТАЛДЫҚ ӨЛІМ-ЖІТІМНІҢ ҚҰПИЯ АУДИТІНІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫ: ӘДЕБИ ШОЛУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/ym17at31

Кілт сөздер:

перинаталдық аудит, перинаталдық өлім, құпия аудит, жаңа туған нәрестелер, неонаталды өлім

Аңдатпа

Кіріспе. Перинаталдық өлім-жітімнің аудиттері мен шолулары өлімнің туындауына ықпал еткен алдын алуға болатын факторларды анықтау, медициналық қызметтердегі әлсіз жерлерді анықтау және жаңа туған нәрестелерге күтім жасау сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар жасау үшін жүргізіледі. Мақсат. Бұл жұмыстың мақсаты болып перинаталдық өлім-жітімнің құпия аудитін жүргізудің тиімділігін әртүрлі елдерде құпия аудит құралдарын пайдалану туралы контент анализ жасау арқылы бағалау болып табылады. Іздеу стратегиясы. Scopus, Cohrane Library, PubMed, Embase сияқты медициналық базаларда деректерді іздеу жүргізілді. Осы тақырып бойынша 50 өзекті мақала таңдалды, сондай-ақ ДДҰ және ЮНИСЕФ нұсқаулықтары мен есептемелерінен алынған мәліметтер. Нәтижесі. Құпия аудиттің негізгі әдістері ауызша және әлеуметтік аутопсия, тарих пен клиникалық жағдайларды талдау және сараптамалық бағалау, оңтайлы емес көмек түрлерін жіктеу және осы әдістерді біріктіру болып табылады. Өлім-жітімнің субстандартты факторларын анықтау көптеген елдерде кеңінен және тиімді қолданылады. Баласы шетінеген ата-аналарды аудит процесіне тарту ата-аналар мен медицина қызметкерлері үшін пайдалы және құнды болып табылады және кейбір елдерде аудит процесіне біртіндеп енгізіле бастады. Нидерланды елінде аудит жүргізу барысында 2010-2012 жылдары перинаталдық өлім-жітім 2,3-тен 2,0/1000 дейін (Р<0,00001) төмендеуі байқалады [15]. Сондай-ақ 7 зерттеудің мета-талдауы табысы төмен және орташа елдерде жүргізілген перинаталдық аудиттер бойынша перинаталдық өлім-жітімнің төмендеуі орта есеппен 30% - ға (95% сенімділік аралығы, 21-ден 38% - ға дейін) келгенін көрсетті [42]. Уганда елінде перинаталдық өлім-жітім 2007 жылы 1000 босануға шаққанда 52,8, ал аудит енгізілгеннен кейін 2008 жылы 1000 босануға шаққанда 47,9 өлімді құрады [37]. Қорытынды. Зерттеуге сәйкес, оңтайлы емес көмекті анықтау, субстандартты факторларды және сараптамалық бағалау сияқты құпия аудиттің негізгі құралдары әртүрлі елдерде тиімді қолданылады деген қорытынды жасауға болады. Мета-талдау және жүйелі шолу деректері бойынша дамыған елдерде де, дамушы елдерде де аудит жүргізу кезінде перинаталдық өлім-жітімнің төмендегенін көруге болады. Аудиттің тиімділігін дәлірек түсіну үшін перинаталдық өлім-жітімге шолулар жүргізуді жалғастыру керек.

Автор өмірбаяндары

  • Назерке Саматова

    Doctoral student, assistant of department Neonatology, NJSC «Astana Medical University», doctor neonatologist, « City multifunctional hospital №2», https://orcid.org/0009-0005-1548-8744, postcode: 010010, Astana, The Republic of Kazakhstan, st.Momyshuly 16, Email: samatovanazerke@mail.ru, +7 778 912 08 97;

  • Гульнара Камалбекова

    PhD, docent of Department of family medicine №2, NJSC «Astana Medical University», https://orcid.org/0000-0001-9883-6321, postcode: 010000, Astana, The Republic of Kazakhstan, st.Otyrar 3, Email: kgm.08@mail.ru, Kamalbekowa@gmail.com. +7 701 620 17 32

  • Куляш Джаксалыкова

    Professor, Doctor of Medicine Sciences, head of department Neonatology, NJSC «Astana Medical University», https://orcid.org/0000-0001-5540-3331, postcode: 010000, Astana, The Republic of Kazakhstan, st.Akmeshyt 11, Email: dkk06@mail.ru, +7 707 125 20 89;

  • Айман Мусина

    Professor, Doctor of Medicine Sciences, head of department Public healthcare and epidemiology, NJSC «Astana Medical University», https://orcid.org/0000-0002-4429-6240 , postcode: 010000, Astana, The Republic of Kazakhstan, st.Satpayeva 1, Email: mussina.a@amu.kz, +7 701 776 35 57;

  • Бектурган Карин

    MD, assistant of department Neonatology, NJSC «Astana Medical University», https://orcid.org/0000- 0002-8080-787X , postcode: 010000, Astana, The Republic of Kazakhstan, st.Otyrar 3, Email: Bekturgan1973@mail.ru, +7 701 409 44 85;

Әдебиеттер тізімі

Samatova N.Е., Kamalbekova G.М., Jaxalykova К.К., Mussina А.А., Karin B.Т. The main tools of the confidential audit of perinatal mortality: a review // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2024. Vol.26 (5), pp. 150-159. doi 10.34689/SH.2024.26.5.019

Саматова Н.Е., Камалбекова Г.М., Джаксалыкова К.К., Мусина А.А., Карин Б.Т. Основные инструменты конфиденциального аудита перинатальной смертности: обзор литературы // Наука и Здравоохранение. 2024. Т.26 (5). С. 150-159. doi 10.34689/SH.2024.26.5.019

Саматова Н.Е., Камалбекова Г.М., Джаксалыкова К.К., Мусина А.А., Карин Б.Т. Перинаталдық өлім-жітімнің құпия аудитінің негізгі құралдары: әдеби шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (5). Б. 150-159. doi 10.34689/SH.2024.26.5.019

Жүктеулер

Жарияланды

2025-11-07

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 62

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.