БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫНАН КЕЙІНГІ БІРІНШІЛІК ҚАЙТАЛАНАТЫН ФОКАЛЬДІ -СЕГМЕНТАРЛЫ ГЛОМЕРУЛОСКЛЕРОЗДЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ. КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ.
DOI:
https://doi.org/10.34689/yz801832Кілт сөздер:
бүйрек трансплантациясы, фокальді-сегменттік гломерулосклероз, нефроттік синдромАңдатпа
Кіріспе. Бүйрек трансплантациясынан кейінгі бастапқы қайталанатын фокальді-сегменттік гломерулосклероз (ФСГС) ауыр асқыну және трансплантацияланған бүйректің жоғалуының маңызды қауіп факторы болып табылады. Дүние жүзіндегі әртүрлі бағалаулар бойынша ФСГС жиілігі миллионға шаққанда 1,4-тен 21 жағдайға дейін өзгереді. ФСГС бүйрек шумағының (подоциттер) висцеральды эпителий жасушаларының зақымдалуына байланысты дамиды және "подоцитопатиялар"тобына жатады. Бұл зерттеудің мақсаты клиникалық жағдай негізінде нефротикалық синдромның дамуымен ФСГС ауруының ерте оралуын көрсету және қысқа мерзімді перспективада плазмаферез сеанстарының орындылығын бағалау болып табылады. Әдістері: мақалада нефротикалык синдромының дамуымен ФСГС ауруының ерте оралуы болған клиникалық жағдай сипатталған. Бүйрек трансплантациясынан кейін аурудың қайталануының негізгі леч плазмоферез сеанстарын жүргізу және ритуксимабты енгізу болып табылады. Зерттеу нәтижелері. Клиникалық жағдайды талдау нәтижесінде бүйрек трансплантациясының тромбозы қан қысымының төмендеуінен және плазмаферез сеансы аясында анастомоз аймағында қан ағымының баяулауынан туындағаны анықталды, бұл ақыр соңында графттың жоғалуына және пациенттің бүйрек алмастыру терапиясына оралуына әкелді. Қорытындылар. Әдеби деректерге сәйкес, келесі болжамды бүйрек трансплантациясын өткізуі науқас үшін аурудың қайта қайтып келу қаупі өте жоғары, сондықтан қысқа мерзімде бұл процедураны жүргізуі орынды емес.
Әдебиеттер тізімі
Assykbaev M.N., Abdugafarov S.A., Maralbaj A.M., Tileuhan M., Sadykova Sh.A., Manatova A.M., Kuanysh Zh.M., Zharlyganova D.S. Primary recurrent focal segmental glomerulosclerosis after kidney transplantation. Case study // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2024. Vol.26 (4), pp. 261-266. doi 10.34689/SH.2024.26.4.028
Ассыкбаев М.Н., Абдугафаров С.А., Маралбай А.М., Тілеухан М., Садыкова Ш.А., Манатова А.М., Куаныш Ж.М., Жарлыганова Д.С. Первичный рецидивирующий фокально- сегментарный гломерулосклероз после трансплантации почки. Клинический случай // Наука и Здравоохранение. 2024. Т.26 (4). С. 261-266. doi 10.34689/SH.2024.26.4.028
Ассыкбаев М.Н., Абдугафаров С.А., Маралбай А.М., Тілеухан М., Садыкова Ш.А., Манатова А.М., Куаныш Ж.М., Жарлыганова Д.С. Бүйрек трансплантациясынан кейінгі біріншілік қайталанатын фокальді-сегментарлы гломерулосклероздың клиникалық жағдайының сипаттамасы. Клиникалық жағдай // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (4). Б. 261-266. doi 10.34689/SH.2024.26.4.028
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.