БРОНХӨКПЕЛІК ДИСПЛАЗИЯНЫ ЗЕРТТЕУДЕГІ БИОМЕДИЦИНАЛЫҚ ИНФОРМАТИКАНЫҢ РӨЛІ
DOI:
https://doi.org/10.34689/845j8s77Кілт сөздер:
бронхөкпелік дисплазия, биомедициналық информатика, геномикаАңдатпа
Кіріспе. Бұл шолу мақаласында бронхөкпелік дисплазияға (БӨД) қатысты зерттеулерді ілгерілетуде, сонымен
қатар дербес медицина мен болжамдық аналитика үшін мүмкіндіктер ашу және мәселелерді шешуде
биомедициналық информатиканы қолдану мүмкіндіктері қарастырылады.
Мақсаты: Бұл шолудың мақсаты - бронхөкпелік дисплазияны зерттеуде биомедициналық информатиканы
қолдану мүмкіндіктерін талдау.
Әдістер: Шолу бронхөкпелік дисплазияны зерттеуде биомедициналық информатиканың қолданылуын зерттейтін
жарияланымдарды анықтау үшін PubMed, Google Scholar сияқты электронды іздеу жүйелері арқылы жүргізілді. Іздеу
тереңдігі 7 жыл, 2018 жылдан бастап 2024 жыл аралығын құрады. Қосу критерийлері: ағылшын тіліндегі толық мәтінді
мақалалар. Басқа тілдердегі және толық мәтіні қол жетімсіз мақалалар іздеуден алынып тасталды.
Нәтижелер: Биомедициналық информатика (БМИ) - үлкен және әртүрлі биомедициналық деректерді басқаруға
және талдауға арналған қуатты құралдар жиынтығы. Сонымен қатар, биомедициналық информатика әлеуетті
биомаркерлерді анықтау және жекелендірілген емдеу стратегияларын әзірлеу үшін геномиканы және
дербестендірілген медицинаны қолдану арқылы БӨД зерттеулерінде революция жасау мүмкіндігіне ие. Болжамды
аналитика уақытында араласу үшін ерте диагностика мен қауіп факторын бағалауды қамтамасыз ететін БМИ негізгі
аспектісіне айналуда. Сонымен қатар, БӨД зерттеуінде БМИ енгізуге қатысты этикалық және құқықтық мәселелер
қарастырылады.
Қорытынды: Биомедициналық информатика неонатальды күтімге жеке және нақты көзқарасты жеңілдете
отырып, БӨД патогенезін неғұрлым толық түсінуді қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие. Биомедициналық зерттеулердің
шекаралары кеңейе беретіндіктен, биомедициналық информатика ауруды түсіну, алдын алу және емдеуде жаңа
шекараларды ашуда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.
Әдебиеттер тізімі
Абильбаева А.А., Тарабаева А.С. Роль биомедицинской информатики в изучении бронхолегочной дисплазии // Наука и Здравоохранение. 2024. Т.26 (6). С. 164-172. doi 10.34689/SH.2024.26.6.019
Abilbayeva A.A., Tarabayeva A.S. The role of biomedical informatics in the study of bronchopulmonary dysplasia // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2024. Vol.26 (6), pp. 164-172. doi 10.34689/SH.2024.26.6.019
Абильбаева А.А., Тарабаева А.С. Бронхөкпелік дисплазияны зерттеудегі биомедициналық информатиканың рөлі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (6). Б. 164-172. doi 10.34689/SH.2024.26.6.019
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.