SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ГИГИЕНАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/00xr3f62

Кілт сөздер:

білім, қарым қатынас, мінез құлық, гигиеналық дағдылар

Аңдатпа

Кіріспе. Мектеп оқушыларының тиісті гигиеналық білімдері мен дағдылары балалар арасында жұқпалы 
аурулардың деңгейін төмендету үшін өте маңызды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  мәліметтері 
бойынша, балалар ересектермен салыстырғанда қауіп факторларына осал, осы осалдыққа байланысты 
мектептерде тиісті сумен жабдықтау, санитария және гигиена қызметтерінің болуы ерекше маңызға ие. Мектеп 
ортасындағы су, санитария және гигиена қызметтерінің жеткіліксіздігі денсаулық сақтау және білім беру 
нәтижелеріне тікелей немесе жанама әсер етеді. 
Мектептер су, санитария және гигиенаға қатысты білім мен өмірлік дағдыларды үйретуде маңызды рөл 
атқарады. Алайда, көптеген зерттеулер көрсеткендей, мектептерінде гигиена және гигиеналық құралдарды ұстау 
бойынша оқу материалдарының болуы және қол жетімділігі, балалардың бейімділік факторларымен, гигиеналық 
құралдарды пайдалану мен қызмет көрсетуге деген білімі мен көзқарасымен байланысты болды. Себебі балаларға 
мектеп бағдарламасында өмірлік дағдыларды үйретуге күшейту мен көзқарас жетіспеген. Сондықтан осы жұмыста 
жалпы орта білім беру мекемелері жағдайында оқушылардың гигиеналық мәдениетін зерттеуге арналған 
әдебиеттерге шолу жүргізілді. 
Мақсаты: Оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, сонымен қатар олардың гигиеналық дағдыларын 
қалыптастыру саласындағы жалпы орта білім беру мекемелері қызметінің халықаралық және отандық 
тәжірибелеріне талдау жүргізу. 
Іздеу стратегиясы: Әдебиеттерге шолуды жүргізу үшін UpToDate, BMJ, PubMed, Scopus, Wiley, Medline, Web of 
science, Cyberleninka, Google Scholar сияқты бірқатар дерекқорларда мұқият дереккөзді іздеу жүргізілді. Зерттеу 
2017-2023 жылдар аралығында ағылшын тілінде жарияланған жарияланымдары мен Қазақстан Республикасы 
халқының денсаулығы және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы жыл сайынғы статистикалық 
жинақтарын қамтыды. 
Нәтижелер мен қорытынды. Біз жүргізген әдебиеттік шолу барысында, мектеп оқушыларының әр түрлі 
араласудың жиынтығының нәтижесінде: жалпы орта білім беру мекемелер, оқу бағдарламалар, ата-ана, қоршаған 
орта, әлеуметтік жағдай, гигиеналық құралдардың болуы және тағы басқа факторлардың әсері дұрыс гигиеналық 
дағыларын қалыптастыру үшін маңызды рөл атқаратынына көз жеткіздік. Осылайша, жалпы орта білім беру 
мекемелерінің оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың гигиеналық дағдыларын қалыптастыру, 
гигиеналық білімді, оқушылар арасындағы қарым-қатынас пен мінез-құлықты өлшеу, денсаулықты нығайту 
саласындағы ұсынымдар, оқу бағдарламалары мен факультативтік курстардың материалдары өз кезегінде білімді 
жақсартуға, қате түсініктерді түзетуге, дұрыс көзқарасты қалыптастыруға және мінез-құлықты нығайтуға, сондай
ақ паразиттік немесе жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған бағдарламаларды әзірлеудің бастамасы 
болып табылады. 

Автор өмірбаяндары

  • Ұлпан Қуандық

    қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының докторанты, «Қарағанды 
    медицина университеті» КеАҚ, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы. Пошта мекенжайы: Қазақстан 
    Республикасы,100008, Қарағанды қ., Гоголя к.,40. E-mail: KuandykU@qmu.kz; Телефон: +7 707 774 31 74

  • Алуа Омарова

    PhD, Өмір туралы ғылымдар институтының Ғылыми жұмыс бөлімінің бастығы, 
    «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы. Пошта мекенжайы: Қазақстан 
    Республикасы,100008, Қарағанды қ., Гоголя к.,40. E-mail: OmarovaA@qmu.kz; Телефон: +7 778 867 66 00

Әдебиеттер тізімі

Қуандық Ұ.Е., Омарова А.О. Жалпы орта білім беру мекемелері жағдайында оқушылардың гигиеналық мәдениеті. Әдебиетке шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (6). Б. 196-210. doi 10.34689/SH.2024.26.6.022

Kuandyk U.E., Omarova A.O. Hygienic culture of students in the conditions of secondary educational institutions. Literature review // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2024. Vol.26 (6), pp. 196-210. doi 10.34689/SH.2024.26.6.022

Қуандық У.Е., Омарова А.О. Гигиеническая культура учащихся в условиях средних общеобразовательных учреждений. Обзор литературы // Наука и Здравоохранение. 2024. Т.26 (6). С. 196-210. doi 10.34689/SH.2024.26.6.022

Жүктеулер

Жарияланды

2025-11-13

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 45

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.