ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ НАҚТЫ ШАРАЛАРЫН ОДАН ӘРІ ЗЕРДЕЛЕУДІҢ ШҰҒЫЛ ҚАЖЕТТІЛІГІ
DOI:
https://doi.org/10.34689/px4vd219Кілт сөздер:
Қазақстан Республикасы, аяқталған суицидтер, суицидтік ойлар, суицидтік мінез-құлық, талқылау, жеделдетуАңдатпа
Кіріспе: Қазақстан Республикасында суицидтің жоғары көрсеткіштері елеулі әлеуметтік мәселесі болып табылады. Мақсаты: Суицид көрсеткіштерін төмендету үшін, зерттеушілер суицидтің алдын алуы бойынша тиімді шараларды әзірлеуге ықпал ететін академиялық перспективаны ұсынуы керек. Материалдар мен әдістер: Бұл зерттеуде "суицид" және "Қазақстан" түйінді сөздері PubMed деректер базасында, Қазақстандағы суицидтің алдын алу шаралары туралы мақалаларды іздеу үшін пайдаланылды. 16 желтоқсан 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған, сондықтан 16 желтоқсан 1991 жылға дейінгі жарияланған мақалалар зерттеуге кіргізілмеді. Қазақстанда суицидтің алдын алу шаралары туралы зерттеулердің сипаттамалары зерделенді. Бұл сипаттамалар, Қазақстанда суицидтің алдын алуы бойынша нақты шараларды егжей-тегжейлі зерделеу қажеттігін көрсетеді. Нәтижелері: "Суицид" және "Қазақстан" түйінді сөздерін пайдаланған кезде PubMed-те 36 мақала табылды, оның ішінде 3 мақала зерттеудегі өзектіліктің болмауына байланысты алынып тасталды, сондықтан барлығы 33 мақала қаралды. 33 мақаланың екеуі 1991 жылдың 16 желтоқсанына дейін жарық көрді, сондықтан барлығы 31 мақала қарастырылды. 31 мақаланың 18-і Қазақстанда суицидтің алдын алу шаралары бойынша зерттеулер болып табылатыны анықталды. 18 зерттеудің 8-і "аяқталған суицид", 6-ы "суицидтік ойлар" және 4-і "суицидтік мінезқұлық" тақырыбында болды. Зерттеулердің сипаттамалары 2018 жыл бойынша бөлінді: 2018 жылға дейін зерттеулердің көпшілігі аяқталған суицидтермен байланысты болды, ал 2018 жылдан кейін зерттеулердің көпшілігі суицидтік ойлармен немесе суицидтік мінез-құлықпен байланысты болды. Қорытынды: Аяқталған суицид, суицидтік ойлар мен мінез-құлықтарды одан әрі зерделеу, сондай-ақ суицидтің алдын алу бойынша тиімді стратегияларды белсенді енгізу қажет.
Әдебиеттер тізімі
Inoue K., Toleuov E., Akkuzinova K., Moldagaliyev T., Ospanova N., Seksenbayev N. The urgent need for further study of specific suicide prevention measures in the Republic of Kazakhstan // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2024, Vol.26 (2), pp. 229-233. doi 10.34689/SH.2024.26.2.026
Иноуэ K., Толеуов E., Аккузинова K., Молдагалиев T., Оспанова Н., Сексенбаев Н. Срочная необходимость дальнейшего изучения конкретных мер профилактики суицидов в Республике Казахстан // Наука и Здравоохранение. 2024. Т.26 (2). С. 229-233. doi 10.34689/SH.2024.26.2.026
Иноуэ K., Толеуов E., Аккузинова K., Молдагалиев T., Оспанова Н., Сексенбаев Н. Қазақстан Республикасында суицидтің алдын-алудың нақты шараларын одан әрі зерделеудің шұғыл қажеттілігі // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (2). Б. 229-233. doi 10.34689/SH.2024.26.2.026
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.