SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ПРЕДДИАБЕТ ЖАҒДАЙЫНДА ЭНДОТЕЛИАЛДЫ ДИСФУНКЦИЯДАМУЫНА FABP4, ENDOCAN, PAI-1 БИОМЕРКЕРЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/27yp4566

Кілт сөздер:

эндотелиалды дисфункция , биомаркерлер , преддиабет , жүрек-тамыр жағдайлары

Аңдатпа

Кіріспе. Қазіргі уақытта көмірсулар алмасуының бұзылуымен де, кейіннен кардиоваскулярлы оқиғаларының
(КВО) дамуына әкелетін эндотелий дисфункциясының (ЭД) ерте дамуымен де байланысты жағдайларды ерте
анықтау құралдарын іздеу жалғасуда. Бұл жағдайларды бағалаудың көптеген әдістері бар, біз ең сезімтал, сенімді
және экономикалық тұрғыдан арзан әдістерге тоқтадық, олар: эндотелий дисфункциясының биомаркерлерін
бағалау Endocan, FABP4, PAI-1 және 2 типті қант диабетінің даму қаупі бар, преддиабетпен ауыратын науқастарда
интима-медиа қалыңдығын ультрадыбыстық анықтау.
Мақсаты. FABP4, Endocan, PAI-1 биомаркерлерінің преддиабетпен ауыратын науқастарда эндотелий
дисфункциясының дамуына әсерін зерттеу.
Іздеу стратегиясы. Бұл шолуға, ең алдымен, сәйкес негізгі сөздерді пайдалана отырып, Scopus, Web of Science
және Pubmed (Medline) дерекқорларында табылған түпнұсқа зерттеулерден, әдебиеттерге шолулардан алынған
деректер кіреді. Бұл тақырып бойынша жүргізілген зерттеулердің шектеулі көлеміне және зерттеушілердің осы
салаға деген салыстырмалы түрде жақында және өсіп келе жатқан қызығушылығына байланысты іздеу жиырма
жыл тереңдікте жүргізілді.
Нәтижелер. Барлық үш биомаркер (FABP4, Endocan, PAI-1) эндотелий дисфункциясының ерте кезеңдерінде,
кардиоваскулярлы оқиғалардың дамуы қайтымды болған кезде пайда болады, бұл әрі қарай зерттеу және
эндотелий проблемалары мен тамырлық апаттарды ерте диагностикалау үшін қызығушылық тудырады. Сонымен
қатар, бұл биомаркерлер эндотелий дисфункциясы дамуының әртүрлі патогенетикалық механизмдеріне жауап
береді және олардың комбинациясы липидтер алмасуының бұзылуын (FABP4), эндотелийдің зақымдалуын
(Endocan) және тромб түзілуінің жоғарылауын (PAI-1) дереу бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, көмірсулар
алмасуының бұзылуының және преддиабеттің ерте кезеңдерінде эндотелий дисфункциясының пайда болуын
анықтау дәлірек болады. Айта кету керек, преддиабет және 2 типті қант диабеті қаупі бар науқастарда эндотелий
дисфункциясының биомаркерлерінің деңгейін бағалайтын зерттеулер аз зерттелген. Сондай-ақ, преддиабетпен
ауыратын науқастарда интима-медиа қалыңдығын және 2 типті қант диабетінің даму қаупін зерттеумен бірге
олардың бір мезгілде байланысын бағалау мүлде жүргізілмеген.
Қорытынды. Диабеттік микро- және макроангиопатиямен көрінетін тамырлық апаттар болмаған кезде
эндотелий дисфункциясының осы маркерлерін зерттеу ғылыми қызығушылық тудырады. Бұл мәселені зерттеу
болашақта қан тамырларының зақымдануы мен жүрек-қан тамырлары оқиғаларын ерте анықтау және алдын алу
үшін табысты құралдарды анықтайды. 

Автор өмірбаяны

  • Виктория Парахина

    PhD student, (Specialty Medicine) NСJSC «Medical University of Karaganda», Karaganda, Republic
    of Kazakhstan.

Әдебиеттер тізімі

Parakhina V.F., Laryushina Ye.M., Ponomareva O.A. Participation of biomarkers FABP4, Endocan, PAI-1 to the

development of endothelial dysfunction in prediabetes condition // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2023,

(Vol.25) 6, pp. 181-190. doi 10.34689/SH.2023.25.6.021

Парахина В.Ф., Ларюшина Е.М., Понамарева О.А. Участие биомаркеров FABP4, Endocan, PAI-1 в развитии

эндотелиальной дисфункции в условиях предиабета // Наука и Здравоохранение. 2023. 6(Т.25). С. 181-190. doi

10.34689/SH.2023.25.6.021

Парахина В.Ф., Ларюшина Е.М., Понамарева О.А. Преддиабет жағдайында эндотелиалды дисфункция дамуына

FABP4, Endocan, PAI-1 биомеркерлерінің қатысуы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 6 (Т.25). Б. 181-190. doi

10.34689/SH.2023.25.6.021

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.