60 ЖАСТАН АСҚАН НАУҚАСТАРДАҒЫ ЖЕДЕЛХОЛЕЦИСТИТТІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ МЕН ЕМІНЕЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАС. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ.
DOI:
https://doi.org/10.34689/6pb6dw65Кілт сөздер:
жедел холецистит , жедел калькулезді холецистит , перивезикальді инфильтрат , егде жастағы науқастар , холецистэктомияАңдатпа
Кіріспе: Шұғыл хирургияда егде және қарт жастағы адамдар арасында жедел холецистит
(ЖХ) кездесу жиілігі бойынша алдыңғы орынды алады. Және бұл жас аралығында диагностика,
емі және барлық мүмкін болатын асқынуларының профилактикасы туралы біржақты ұсыныстар
жоқ.
Мақсат: 60 жастан жоғары жастағылар арасында жедел холециститтің (ЖХ) диагностикасы
мен емі сұрақтары бойынша әдебиеттерді зерттеу.
Ізденіс стратегиясы: Ғылыми ақпаратты жүйелі іздеу және қойылған мақсатқа жету үшін,
арнайы іздеу жүйелері және электронды ғылыми кітапханаларды (CyberLeninka, e-library)
қолдана отырып, 2016 жылғы шұғыл хирургия бойынша Дүниежүзілік ұйымының (Израиль)
және 2007, 2013 жылдардың Токияның (Жапония) 1981-2016 жылдар аралығында
нұсқауларына, сондай ақ дәлелді медицина мәліметтері базасында (PubMed) ғылыми
публикацияларына анализ жүргізілді.
Қосу критерийлері: жоғары әдістемелік сапаны зерттеу: метаанализ, жүйелік шолу және
когортты зерттеу, сондай ақ ағылшын және орыс тілдерінде нақты құрылған статистикалық
мәліметтер келтірілген қорытындылары бар публикациялар.
Алып тастау критерийлері: баяндама түйіндемелері; тезис түріндегі хабарламалар,
жарнамалық мақалалар.
Нәтижелері: Барлық табылған 19 152 көз, олардан талданғаныи 79. Жүргізілген талдау 60
жастан асқан науқастарда ЖХ-ті анықтау үшін немесе жоққа шығару үшін жеткілікті
диагностикалық нақтылықпен ешқандай бірыңғай клиникалық және лабороториялық зерттеу
жоқ екенін көрсетті. ЖХ диагностикасында алғашқы визуализациялау таңдауы
трансабдоминальді ультрадыбысты зерттеу (УДЗ) болып табылады. Диагностикасында
компьютерлік томографияның ешқандай артықшылықтары табылмады, ал магнитті-резонансты
томография УДЗ-ге теңестірілді. Лапароскопиялық холецистэктомия (ЛХЭ) қауіпсіз, қауіп
тобындағы науқастарға (60 жастан асқандар) қолданылады және ЖХ-і бар науқастарда таңдау
операциясы болып табылады. Операция кезінде жиі кездесетін асқынулардың бірі
перивезикальді инфильтрат, әсіресе гангренозды холециститте, ол көп жағдайда операция
кезіндегі конверсияны талап етеді. Бұл жағдайда ең тиімді таңдай минилапаротомды
холецистэктомияға түседі.
Қорытынды: Бүгінгі таңда ЖХ емдеудің заманауи әдісі ЛХЭ болып табылады және оны 60
жастан асқан науқастарда орындауға болады, бірақ барлығы хирургтің біліктілігіне байланысты.
2016 жылдың нұсқаулары бойынша жоғары операциялық қауіп жағдайындағы операцияны
аяқтау әдістерін таңдау үшін хируртерге көмек ретінде интраоперационды бағалауды зерттеу
және дамыту талап етіледі, себебі бұл сұрақты зерттеу әлі ашық қалдырылады.
Әдебиеттер тізімі
Косаева С.Б., Аймагамбетов М.Ж. Современный взгляд на диагностику и лечение острого
холецистита у лиц старше 60 лет. Обзор литературы / / Наука и Здравоохранение. 2018. 2 (Т.20). С. 148-
167.
Kossaeva S.B., Aimagambetov M.Zh. Modern view on the diagnosis and treatment of acute cholecystitis in
persons Over 60 years of age. A literature review. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2018,
(Vol.20) 2, pp. 148-167.
Косаева С.Б., Аймагамбетов М.Ж. 60 жастан асқан науқастардағы жедел холециститтің
диагностикасы мен еміне заманауи көзқарас. Әдебиеттік шолу. / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2018.
2 (Т.20). Б. 148-167.
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Сымбат Косаева, Мейрбек Аймагамбетов (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.