ҚАЛҚАНША БЕЗДІҢ ТҮЙІНДІ ТҮРЛЕРІНЕМДЕУДЕГІ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ЕМНІҢ ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.34689/3qpk2433Кілт сөздер:
қалқанша без , тиреоидты гормондар , токсикалық аденома , киста , аденомаАңдатпа
Кіріспе. Қалқанша бездің қатерсіз түзілістерін азинвазивті емдеу әдісі бойынша
медициналық әдебиеттерге шолу жасауда онда қалқанша бездің солидті түйіндерін және
кистозды түйіндерін емдеу кезінде эндокринолог және хирург дәрігерлерінің арасында
консенсустың жоқтығын көрсетті.
Зерттеудің мақсаты: Қалқанша бездің (ҚБ) қатерсіз түзілісі бар науқастарға тері арқылы
этанолды инъекциялық терапияны (СКТ) қолдану болып табылды.
Зерттеу әдістерімен материалдары: Бізбен осы науқастарға проспективті когротты зерттеу
жүргізілді. Зерттеу кезеңі әр зерттеуге қатысушыға орташа 10±1,2 жылды құрайды. Жұмыс
басталуы 1993 жылдың мамыр айынан 2016 жылдың шілде айы аралығында жүргізілді, ҚБ жаңа
түзілісімен 974 науқас емделді. Жалпы зерттеуден өткен науқастар саны 467.
Тоқтаусыз өзгерістердің орталық тенденциясы, қалыпты таралымдарға сәйкес орташа
көрсеткіштері ± стандарты ауытқу ретінде көрсетіледі. Категориялық мәліметтер абсолютты
және салыстырмалы сандармен белгіленген. Сапалық мәліметтерді алу үшін топтағы
айырмашылық хи-квадрат (X2
) критериімен есептелді, ал P-бағалауы <0,05 есептелді.
Статистикалық талдау SPSS 20 бағдарламасымен өңделді, Windows (IBM Ireland Limited
Распределение продуктов, Ирландия).
Нәтижелері: Барлық науқастарда түзіліс мөлшерінің ауқымды түрде кішірейгені байқалды,
токсикалық аденома бойынша түзіліс мөлшері 5,1 мл ге дейін төмендесе, кистасы бар
науқастарда ол 0,2 мл-ді құрады, ал аденомасы бар науқастарда түзілістің кішіреюі 2,2см3 дейін
болса, ал коллоидты түйінді жемсауда түзілістің кішіреюі 1,0 см3
-ді көрсетті.
Қорытынды: этанолмен терілік инъекция қатты және кистозды түйіндерге эффективті емдеу
әдісі болып табылады, бірақ этонол склеротерапия қалқанша бездің кистозды түйініне көбірек
тиімді әдіс болып табылады. Өмір сапасы СКТ-дан кейін асқыну болмағандықтан, атап айтсақ
гормональды өзгерістермен жарақаттар болмауына байланысты көбірек жақсарған, осы әдістен
кейін ұзақ уақытқа өмір сапасы жақсарды,өршу болмайды, бұл әдіс қатерсіз қалқанша безінің
кистасын емдеу стандартына ұсынуға болады.
Әдебиеттер тізімі
Еспенбетова М.Ж., Жуманбаева Ж.М., Глушкова Н.Е. Эффективность нетрадиционных методов
лечения узловых форм щитовидной железы / / Наука и Здравоохранение. 2017. №2. С. 59-67.
Espenbetova M.Zh., Zhumanbayeva Zh.M., Glushkova N.Е. Efficiency of alternative treatment of nodular
forms of thyroid gland. Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2017, 2, pp. 59-67.
Еспенбетова М.Ж., Жуманбаева Ж.М., Глушкова Н.Е. Қалқанша бездің түйінді түрлерін емдеудегі
дәстүрлі емес емнің әсері / / Ғылым және Денсаулық сақтау. 2017. №2. Б. 59-67.
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Майра Еспенбетова, Жанар Жуманбаева, Наталья Глушкова (Автор)

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.